Алматыда қазан айында эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті – Жандарбек Бекшин

стоп-кадр
стоп-кадр
Бас санитар дәрігер коронавирустық инфекцияның күтілетін жаңа толқынына байланысты сақтақ шараларын сақтауға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қазан айында эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті. Онлайн брифингте Жандарбек Бекшин өткен айға қарағанда жекелеген жағдайларда өсім байқалатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал 2 оқиға Мысырдан келген туристерде тіркелді. Сондықтан дүйім елге шет елге бармауға кеңес берді. Бас санитар дәрігер коронавирустық инфекцияның күтілетін жаңа толқынына байланысты сақтақ шараларын сақтауға шақырды. Ол әсіресе отбасылық  іс-шаралар өткізбеуге, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға үгіттеді. Алматыда ПТР талдауларын тәулігіне 22 мыңға жеткізу көзделіп отыр.



«Алдын алу желісі бойынша COVID-19 зертханасы мен COVID-19 тасымалдаушылары үшін  екінші толқынға дайындық қамтамасыз етілді.  17 ПТР зертханасы іске қосылды, олардың жиынтық қуаты тәулігіне 12150 зерттеуді құрайды, сондай-ақ тәулігіне 21900 резервтік зерттеуді арттыруға мүмкіндік бар», – деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.


Ал, қалада құрылған 26 мониторингтік топ 8 қазаннан бастап жұмысын қайта бастады. 12 күннің ішінде 1500-ден аса тексерілу жүргізіліп, 360-тан астам заңбұзушылық анықталды. Оларға маска режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Дегенмен елдегі тұрақсыз жағдайға қарамастан той өткізетіндер саны тыйылмай тұр.

«КВИ бойынша тұрақсыз жағдайға қарамастан,  50-ден 100-ге дейін адам көп жиналатын салтанатты іс-шаралар (үйлену той, құдалық, ұзату той) өткізу жалғасуда. 14 қоғамдық тамақтану объектісі анықталды. 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес 230 АЕК мөлшерінде әкімшілік шаралар қабылданатын болады», – деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.

Новости партнеров