«Сары» аймақта: Алматы және Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары
2021 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, екі облыс коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атырау және Павлодар облыстары коронавирустың таралуы және жұқтыру бойынша «қызыл» аймаққа кірді.
Осылайша, қазір «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстары бар.
«Сары» аймақта: Алматы және Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қалғандары «жасыл» аймақта.