Қазақстанда «жасыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ

18.07.2021 16:20

«Сары» аймақта Алматы, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр

Фото пресс-службы акимата Алматы

18 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

«Сары» аймақта Алматы, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ.