Коронавирус жұқтырған әйел қандай күйде болғанын айтты

stan.kz
stan.kz
48 жастағы Эми Дрисколл бір апта бұрын алғашқы белгілерді байқаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа коронавирустық инфекцияын жұқтырған АҚШ-тың Огайо штатының тұрғыны аурудың қалай өтетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

48 жастағы Эми Дрисколл бір апта бұрын алғашқы белгілерді байқаған. Ол жұмыста болған кезде, оның ыстығы көтеріліп, құрғақ жөтел басталып, кеудесінде  ауырсыну пайда болған.

Келесі күні оның жағдайы тағы нашарлады. Дрисколлдың айтуынша, ол жүрегінің қатты соққанынан оянған.

"Менің кеудем қатты ауырды. Оны қысып жатқандай сезім болды. Мен мұндай нәрсені ешқашан сезген емеспін. Аурудың басында мен бұл туралы мүлде ойламадым, қарапайым істермен айналыстым, ал он сағаттан кейін маған өте жаман болды, тыныс алу қиынға соқты, терең дем алу қиын болды", - деді ол.

Оны ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ болғандықтан емделу үшін үйде қалған. Бірнеше күннен кейін жөтел жоғалып, температурасы қалыпты деңгейге дейін төмендеді. Алайда, әйел әлі күнге дейін бас ауруы мен қатты әлсіздік бар екенін мойындады.

"Баспалдақпен әрең көтеріліп, төмен түсемін. Миым маған: "Барып, қалағаныңды істе" деген сияқты сезім болады. Мен орнымнан түрған кезде денем: "Жоқ, біз мұны істемейміз" деп жауап береді", - деді Эми Дрисколл.

Соңғы мәліметтер бойынша, жаңа коронавирустық инфекцияға байланысты 9,1 мың адам көз жұмды, 222 мың жұқтыру оқиғасы анықталды, оның 84,5 мыңы науқастың сауығуымен аяқталды.

Новости партнеров