Алматыға 200 дана оттегі концентраты жеткізілді
inform.kz
Медициналық құрылғы «СҚ-Фармацияға» жөнелтіліп, ары қарай еліміздің медициналық ұйымдарына таратылатын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің хабарлауынша, тамыздың 6-сы күні арнаулы борт Алматыға 200 оттегі концентратын жеткізді. Медициналық құрылғы «СҚ-Фармацияға» жөнелтіліп, ары қарай еліміздің медициналық ұйымдарына таратылатын болады.
«ДДСҰ Қазақстанға пандемиямен күресу ісін қолдау мақсатында медициналық жеткізілімдерді жүзеге асыруды және техникалық сараптамаға қолдау көрсетуді жалғастырады»,– деді Қазақстандағы ДДСҰ ресми өкілі, доктор Кэролайн Кларинваль.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34