Коронавирус анықталған жағдайда «Б» жоспары бар – министр

elitar.kz
elitar.kz
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталған жағдайда дайын болу керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде коронавирус анықталған жағдайға қосымша "Б" жоспары бар, деп хабарлайды Almaty.tv.  Бүгін Үкіметте еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деп мәлімдеді. 

"Ең бастысы – елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталған жағдайға дайын болу. Ол тұрғыда бізде «Б» жоспары бар. Ол жоспар әзірленіп, барлық мемлекеттік органмен мақұлданды. Бұл жоспардың негізі – Қазақстан аумағында инфекцияның таралуын барынша шектеу. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органмен, әкімдікпен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр", – деді Елжан Біртанов бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.

Елжан Біртанов коронавирус инфекциясы бойынша жағдай толығымен бақылауда тұрғанын алға тартады. Сондықтан дүрбелеңге берілудің ешқандай қажеті жоқтығын жеткізді. Осы ретте жалған ақпараттардың таралуы проблема болып тұрғанын айтып, барлық мәліметті тек министрліктің ресми сайтынан бақылап отыруды өтінді.

Новости партнеров