|
12.03.2020 | 11:36
3750

Актер Том Хэнкс пен әйелі коронавирус жұқтырды

Бұл туралы 63 жастағы актер Twitter желісіндегі парақшасында жазды

Актер Том Хэнкс пен әйелі коронавирус жұқтырды Zen.yandex.tm

Голливуд актері, «Оскар» жүлдесінің екі дүркін иегері Том Хэнкс өзі және әйелі Рита Уилсон коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы 63 жастағы актер Twitter желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

«Сәлем, достар. Рита екеуіміз осындамыз, Аустралияда. Біз өзімізді сәл шаршаңқы сезініп, тұмауратқандай болып, денеміз ауырсына бастады. Рита уақыт өте келе қалтырай бастады. Барлығы дұрыс екеніне көз жеткізу үшін коронавирустан тексерістен өттік, тест нәтижесі оң болып шықты», - деп жазды актер.

Том Хэнкс көпшілікке «Большой», «Форест Гамп», «Спасти рядового Райана», «Изгой», «Чудо на Гудзоне» фильмдері арқылы таныс. 2016 жылы актер сол кездегі АҚШ президенті Барак Обаманың қолынан еркіндік медалін алды.  

ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады

Айта кетейік, бүгін италиялық «Ювентус» футбол клубының 25 жастағы қорғаушысы Даниеле Ругани коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Даниеле Руганидің сынамасы оң нәтиже көрсетті. Қазір вирус ешқандай белгісіз өтіп жатыр. «Ювентус» қазіргі уақытта заңға сәйкес барлық қауіпсіздік шарасын жасап жатыр, енді ойыншымен араласқан адамның бәрін тізімге алады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир