|
18.04.2021 | 11:37
988

Алматыда КВИ жұқтырғандар саны артты: 3868 науқас ем қабылдап жатыр

Бүгінгі ақпарат бойынша 677 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Алматыда КВИ жұқтырғандар саны артты: 3868 науқас ем қабылдап жатыр  Фото: Павла Михеева

Алматыда коронавирус жұқтырған 3868 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгінгі  ақпарат бойынша 677 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 557-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 120 -ы симптомсыз ауырған.

«Инфекциялық стационарларда 3 868 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 060), оның ішінде 101 бала емделуде. 885 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 2 983 науқас орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 258 адам жатыр. Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 85 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 328 пациент бар. Оның ішінде 5 522 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 806 адамда ауру белгілері жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир