Елдегі эпид-ахуал: 8 адам қайтыс болып, 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

открытые источники
открытые источники
Жалпы науқастардың арасында 224 адамның ахуалы нашар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 838 адам ем қабылдап жатыр, олардың арасында 511 бала бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілші ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Стационарларда 3 127 науқас жатыр. 7 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 7 адам коронавирустан, 1 адам пневмониядан қайтыс болды. 

Жалпы науқастардың арасында 224 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.


Новости партнеров