Ғалымдар кімге коронавирус жұқпайтынын айтты

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Зерттеу жедел респираторлы синдроммен ауырған адамдардың COVID-19 вирусын жұқтырмауы мүмкін екенін көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Америкалық және швейцариялық ғалымдар 2003 жылы атипиялық пневмония (SARS-CoV вирусынан) өршіген кезде ауырған адамдарды зерттеді. Олардың ағзасы COVID-19-ды жұқтырмайтыны белгілі болды, деп жазады Almaty.tv sputniknews.kz басылымына сілтеме жасай отырып.

Бұған дейін SARS-CoV вирусын жұқтырғандардың ағзасында антиденелер бөлінген. Олар S-ақуызға негізделген. Ал бұл ақуыз жасуша бетіндегі рецепторлар мен коронавирустың түйісуіне жауап береді.  

«Ғалымдардың айтуынша, мұндай антидене түрлерінің бірі — S309 — SARS-CoV-2 S-ақуызын бейтараптандыра алады. Осылайша, жедел респираторлы синдроммен ауырғандар COVID-19-дың жаңа типін жұқтырмауы мүмкін», - деп хабарлайды РИА Новости.

Мұндай антиденелерді COVID-19-дың асқынған түрін емдеуге және алдын алуға қолдануға болатыны айтылды.

Соңғы мәліметке сәйкес, әлемде 4,8 миллион адам коронавирус жұқтырған, 1,7 миллион адам жазылып шықты. 318 мыңнан астам адам көз жұмды.

Новости партнеров