Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев әлемдік эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, көрші елдерде инфекцияның өршуіне байланысты таралу қаупінің алдын алу бойынша күшейтілген шаралар қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінгі күні әлемнің 64 елінде коронавирустың таралу жағдайлары анықталды.
«Алматы қаласының медициналық ұйымдары коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға толық дайын», — деді Т. Әбілдаев.
Барлық келушілердің тізімі мониторингтік орталықта түсіріледі, өңделеді және медициналық ұйымдарға Тегі бойынша бөлінеді.
Жұқтырғандардың ең көп саны тіркелген елдерден тікелей келген азаматтар көпсалалы медициналық орталықта 14 күнге карантинге оқшауланады.
Ағымдағы жылдың 3 наурызға провизорлық стационарда 1А санат бойынша 131 азамат емдеулуде, 1Б бойынша — 119 азамат, және 2 санат бойынша — 955, 3 санат бойынша – 1632 адам қадағалануда.
Ықтимал жағдай анықталған кезде пациентті толық оқшаулау, бекітілген сызба бойынша дереу хабардар ету және мамандандырылған стационарға тасымалдау қамтамасыз етілген.
«Медициналық ұйымдар дәрі - дәрмектер, қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілді, Бактерияға және вирусқа қарсы препараттар мен дезинфекциялық құралдардың жеткілікті қорымен қамтамасыз етілді және барлық медициналық ұйымдарда санитайзерлер мен антисептиктер бар», — деді Тілеухан Әбілдаев.
Сондай-ақ БМСК, көпсалалы стационарлардың, жедел жәрдемнің медицина қызметкерлері оқытылды.
Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде Алматы қаласында ауруханаға жатқызу және карантиндеу үшін керекті қосымша орындар жеткілікті.
«Көпсалалы медициналық провизорлық стационарда бүгінгі күні карантиндеу бойынша әртүрлі елдерден келген 131 азамат бар. Олардың ішінде Қазақстан, Иран, Моңғолия және ҚХР азаматтары да бар», — деді ол.
Бұл 1А санатқа жататын азаматтар, олар бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес келген соң 14 күндік карантинге жатқызылу қажет және медициналық қызметкерлердің бақылауында болу керек.
«Барлық азаматтар — дәрігерлердің бақылауындағы және сырқаттың клиникалық белгілері жоқ дені сау адамдар. Бақылауда жатқан кезде оларды инфекционист дәрігерлер мен эпидемиологтар тексеріп, көрсеткіштері бойынша ерекше респираторлық инфекцияларға талдау жасайды», — деп түсіндірді басқарма басшысы.
14 күн өткеннен кейін жағынды алынып, нәтиже теріс болса үйге шығарылады. Ағымдағы жылдың 3 наурызына 12 адам шықты, бүгінгі күні тағы 12 азамат шығарылатын болады.
Жалпы, Алматы қаласында бірде-бір азамат Covid-2019 вирусын жұқтырған емес және тіркелмеген.