Шетелден ұшып келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

25 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, Түркия, РФ, Корея, БАӘ, Нидерланды, Беларусь Республикасы мен Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 1 026 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 921 азамат, анықтамасыз - 105 адам келді. Барлығы - ҚР азаматы. Оның ішінде: - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, 507 жолаушы, анықтамамен - 431, анықтамасыз - 76; - Алматы қаласының әуежайына - 5 рейс, 420 жолаушы, анықтамамен - 391, анықтамасыз - 29; 

- Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 99 жолаушы анықтамамен келді. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 

ПТР-талдау нәтижесі бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Новости партнеров