Алматыдағы Көк базар уақытша жұмыс істемейді

25.09.2020 17:01

Базар енді 28 қыркүйекте ғана ашылады

Петр Карандашов

25 қыркүйек Алматыдағы Көк базар жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл мәліметті базар әкімшілігінің өкілдері растады.

25 қыркүйекте базардың сағат 13.00-ге дейін жұмыс істейтіні айтылады. Базар енді 28 қыркүйекте ғана ашылады.

«Әкімдіктен базардың жабылуы туралы "жалға алушылардың қауіпсіздігі және базардың материалдық құралдарының сақталуы үшін "деген нұсқау келіп түсті», – деді базар әкімшілігінің өкілі.