18 наурызда жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес ПБ-нің полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны анықтады
Түркістан облысындағы Келес ауданының полиция бөлімшесіне WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз тұлғалар осы аудан тұрғынының коронавирус жұқтырғанына қатысты жалған ақпарат таратқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша СДТБТ-ға тіркеді
Тексеру барысында аудио-хабарламада көрсетілген әйелдің Германиядан 10 наурыз күні Мәскеу-Шымкент рейсімен ұшып келгені анықталды. Әуежайда оны медицина қызметкерлері қарсы алып, Шымкент қаласындағы үйіне карантинге орналастырды.
Қазіргі уақытта ол көрсетілген мекен-жай бойынша амбулаториялық емделуде. Оның денсаулығы жақсы. Жәбірленушінің өзі полицияға жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту туралы өтініш білдірген.
18 наурызда жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес ПБ-нің полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны анықтады. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.
Күдікті өз әрекетін толық мойындап, өкінішін білдірді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.