Елімізге ұшып келген 11 жолаушының ПТР-тесті болмаған

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
652 жолаушы келді, оның ішінде 641-інде анықтама бар, 11-інде жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың 98 пайызы ПТР-тест анықтамасымен келді. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


28 қазанға қараған түнде жеті әуе рейсі қонды. 652 жолаушы келді, оның ішінде 641-інде анықтама бар, 11-інде жоқ.


Нұр-Сұлтанға үш рейс, 233 жолаушы, анықтамасы бар - 225, анықтамасы жоқ - 8;


Алматыға екі рейс, 326 жолаушы, бәрінің анықтамасы бар;


Ақтауға екі рейс, 93 жолаушы, анықтамасы бар - 90, анықтамасы жоқ - үш адам.


Қазақстанға анықтамасыз келген азаматтар ПТР-тест тапсыру үшін Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларында карантин стационарына орналастырылды.  Жолаушылар Түркия, Беларусь, БАӘ және Тәжікстаннан келген.

Новости партнеров