Карантинге жатқызылғандардың арасында 93 отандасымыз бар
Алматыға Оңтүстік Кореядан ұшып келген 100 жолаушы 14 күнге оқшауландырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Карантинге жатқызылғандардың арасында 93 отандасымыз бар, қалған жетеуі басқа елдің азаматы. Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев аймақтық штаб олардың індет тараған аймақтан келгенін ескере отырып, 14 күнге карантинге жатқызу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға Оңтүстік Кореядан келгендердің 5 наурыздан бастап оқшауландырылатыны хабарланған болатын. Ал 8-інен бастап Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады.