Нью-Йорк музейлері жарты жылдық карантиннен кейін ашылып жатыр

Фото: Куда поеду
Фото: Куда поеду
Музейдегі адамдар саны 25%-дан аспауы тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нью-Йорктің өнер сүйер қауымы үшін карантин аяқталды: алты ай карантиннен кейін Моне немесе Пикассо туындыларын тамашалап, Джакомметти мүсініне сүйсінуге болады. Осы аптада Манхеттендегі заманауи өнер музейі (МоМА) өз есігін қайта ашты, дегенмен залдарда әзірге адамдар бұрынғыдай көп жиналып жатқан жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Метрополитен музейі де жұртшылыққа ашылды, бірақ әзірге онда кіретін адамдар саны шектеулі болып отыр. «Үлкен алма» музейлерінде қатаң ереже сақталады: мұнда маска тағып, кірерде температура өлшейді және онда бару үшін алдын ала уақыт белгілеуі тиіс. Ал, музейдегі адамдар саны 25%-дан аспауы тиіс. Сондықтан, Метрополитен ашылған алғашқы күні әдеттегідей 30-40 мың адам емес, 10 мың адам келді. Пандемия салдарынан Нью-Йорктегі музейлер Еуропадағыға қарағанда әлдеқайда шығынға батты. Себебі, олардың бюджеті билет сатылымына байланысты. Метрополитен жабылған уақыт ішінде 150 млн доллар жоғалтып, 400 қызметкерін қысқартты.

Новости партнеров