Түркияда коронавирустан екінші адам көз жұмды

19.03.2020 16:44

Қауіпті індет АҚШ конгресінен де анықталды

www.ntv.com.tr

Түркияда коронавирустан екінші адам көз жұмды. Мұндай ақпаратты елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Қаза тапқан науқас 61 жаста болған. Бүгінде Түркия елінде инфекция жұқтырғандар 191 адамға жетті. Қауіпті індет АҚШ конгресінен де анықталды. Коронавирусты жұқтырған депутат 13 наурыздан бері өз еркімен Вашингтон қаласында карантинде жатқан. Осыған дейін коронавирус індетін жұқтырғандармен байланыста болған 14 депутат карантинге жатқызылған болатын. Одан өзге, Оңтүстік Африкада індеттен алғашқы адам көз жұмды. 62 жастағы әйел адам қант диабетімен ауырған.

Сондай-ақ, аталған өңірде бір тәулікте 7 жаңа дерек тіркелген. Осылайша барлығы Буркина-Фасо аумағында ауырғандардың саны 27-ге жетті. Италияда бір тәулікте коронавирустан 475 адам қаза болды. Бұл соңғы тәуліктердегі ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Осылайша, барлығы коронавирустан 3000-нан аса адам қайтыс болса, бір тәулікте елде коронавирус жұқтырған тағы 4207  адам тіркелген.

Ал, Қытайдың Ухань провинциясында алғаш рет соңғы тәулікте жаңа дерек тіркелген жоқ. Әлем бойынша, аты жаман ауруды жұқтырғандар саны 218 мың  631 жетсе, 8810 адам көз жұмған және 84 мың 113 науқас жазылып шықты.