Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің әлі де сейілмегенін айтып, азаматтарды аурудың алдын алуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Қ. Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Дерттің қатері әлі де сейілген жоқ. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын», – деп жазды Қ. Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы пандемия жарияланған бір жылда атқарылған жұмыстар жөнінде айтты.

«Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады. Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік», деп жазды Президент.


Новости партнеров