Бұл шаралар ДДСҰ ұсынымдарына толық сәйкес келеді
Дер кезінде қабылданған карантиндік шаралар Қазақстанға коронавирустың таралу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берді. Мұндай пікірді Ресейдегі ДДҰ өкілі Мелита Вуйнович білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ДДҰ өкілі Қазақстан эпидемия басталғаннан бастап алғашқы төрт аптада айтарлықтай жетістікке қол жеткізгенін, сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың да сақтық шараларын қатаң ұстанғанын айтады.
«Пандемияның көптеген елдерде қалай етек алып жатқаны туралы деректерді зерттегенде, Қазақстан эпидемия басталғаннан бастап алғашқы төрт аптада айтарлықтай жетістікке қол жеткізгені белгілі болды. Өйткені ел эпидемия фазасын үш-төрт апта ішінде өзгерте алды. Бұл шаралар ДДСҰ ұсынымдарына толық сәйкес келеді. Мен қазақстандық эпидемияға қарсы жүйені жақсы білемін. Мменің әріптестерім өте жақсы нәтиже көрсетуде. Оған елдің әлеуеті жеткілікті, – деді ұйым өкілі.
Ол эпидемияның жалпы дамуын және қабылданған шаралар мен ұсыныстардың қаншалықты тиімді екенін қарастырғанын, сондай-ақ толық талдауды ДДҰ-ның елдік бюросынан алуға болатынын атап өтті. ДДҰ өкілі қол жеткізген жетістіктер көбінесе мемлекеттің дер кезінде қабылдаған карантиндік шараларға және азаматтардың өзін-өзі қорғауының жоғары деңгейіне байланысты екенін айтты.
«Мен Интернетте әртүрлі қол жетімді тәуелсіз оқшаулау индексін қарауға қызығушылық таныттым, кездейсоқ Нұр-Сұлтандағы индекске көзім түсті. Онда мен Нұр-Сұлтан индексі 4,5 балды құрағанын көрдім. Бұл халықтың сақтық шараларын қатаң ұстанғанын көрсетеді... Салыстырмалы көрсеткіштерді бүгінде кеңінен қол жетімді оқшаулау индексінің мониторингімен бақылауға болады. Қазақстанда өте қысқа мерзімде, тура екі аптада, инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік туды. Ол кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы оқшаулану индексі 4,5 балл деңгейінде болған, бұл аймақтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Жағдай үнемі өзгеріп отыратынын есте ұстаған жөн», – деп толықтырды сарапшы.