Грузияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай ақпанның 26 күні тіркелген
Грузияда халықты коронавирус инфекциясынан қорғауға бағытталған төтенше жағдай режимі 10 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Георгий Гахария брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Қазіргі кезде бұл елде 269 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Тағы 4834 адам карантинге жабылса, 434-і стационарда дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ осы індеттен барлығы 3 адам көз жұмған.
Грузияда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай ақпанның 26 күні тіркелген.