|
21.03.2021 | 11:47
3880

Ерлан Қиясов КВИ көп тіркелген екі қалаға бармауға кеңес берді

Елдегі COVID-19 жұқтыру бойынша барлық жағдайдың 55 пайызы екі ірі мегаполисінде тіркелді

Ерлан Қиясов КВИ көп тіркелген екі қалаға бармауға кеңес берді Фото: uchet.kz

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарды коронавирус инфекциясының жоғары өсіміне байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматыға бармауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Елдегі COVID-19 жұқтыру бойынша барлық жағдайдың 55 пайызы екі ірі мегаполисінде тіркелді. Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары болуы қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға барумен, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізумен, қоғамдық көлікте алдын алу шараларын сақтамаумен, сондай-ақ үй карантинін сақтамаумен байланысты», – деді Қиясов.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19-дың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында өңірлік жедел штабтардың шешімі бойынша бірқатар шектеу шарасы қабылданды.

Бас санитария дәрігері COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы бүкіл әлемде байқалатынын, вирустың жаңа штамдарының таралуымен байланысты коронавирус инфекциясын жұқтырып, сырқаттанушылық тіркеліп жатқанын, әлемнің көптеген елінде карантин шаралары күшейіп жатқанын атап өтті.

Қиясов алдағы мереке және демалыс күндеріне мынадай кеңестер берді:

• Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына барудан бас тарту;

• Халық көп жиналатын орындарға бармау, мереке күндерін жақын адамдардың арасында өткізу;

• Қонақ шақырудан және қонаққа барудан бас тарту;

• Жіті респираторлық инфекциялар жұқтырған адамдармен тығыз байланыста болмау;

• Әлеуметтік қашықтықты, маска тағу режимін сақтау;

• Шетелге барудан бас тарту.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир