Қоғам белсендісі, блогер Рафаэль Гасанов коронавирус инфекциясының ауқымдылығын көрсету үшін ковидтен емдеп жатқан ауруханалар мен дәрігерлердің фотосуреттерімен бөлісуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы ақшамына сілтеме жасап.
«Қымбатты достар, бүгін Алматы (тәулігіне 510) және Нұр-сұлтан (382) қалаларында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша рекорд орнатып отыр. Қазақстанда «Британдық» және «Оңтүстік Африка» мутацияларымен SARS-CoV-2 C вирустары ресми түрде анықталды.
Вирустың өршуіне байланысты елімізде шектеу шаралары енгізіліп, адамдар демалыссыз демалысқа жіберілді және бұл бизнес саласының жұмысын да едәуір шығынға батыруда.
Сонымен қатар, бізде вирустың бар екеніне сенбей, тойлар мен банкеттерді өткізуді жалғастырып, осы мақсатта коттедждер мен жеке үйлерді жалға алатын азаматтардың белгілі бір санаты бар. Кейбір мекемелер жасырын жұмыс істеп жатыр.
Мен қауіпті індеттің алдын алу мақсатында #үйде отырамыз челленджін бастаймын және әрқайсыңыздан осы мәтінді көшіріп алып, оған қоса, қазіргі уақытта сізді немесе таныстарыңызды ковидтен емдеп жатқан ауруханалардың немесе дәрігерлердің суретін қосып, мейлінше көбірек таратуларыңызды сұраймын. Біз осы фотосуреттермен қауіптің әлі де сейіле қоймағанын көрсетуіміз керек. Қазіргі таңда ауруханаларда науқастар көп. Реанимация бөлімшелері толы.
Біз індетке тосқауыл қою үшін саналы түрде үйде болуымыз керек. Екі аптадай кездесулерді, соның ішінде туыстармен басқосуды тоқтата тұру қажет. Егер сіз қазір ауырып қалсаңыз, емделудің оңайға соқпайтынын білесіз. Сондықтан көпшілік болып жауапкершілікті сезініп, бұл қасіреті мол індетке қарсы тұрайық. Дертке шалдыққандарға ауруынан тез айығып кетуін тілейік. Пандемия кезінде бірге болып барлығымыз карантин талаптарын бұлжытпай орындасақ, бұл індеттен тезірек құтыламыз. Біз бірге жеңеміз», – деді Р. Гасанов.