Аргентинада індет жұқтырғандар азаймай тұр

05.09.2020 16:51

Латын Америкасындағы көп­теген елдер вирустан көз аша алар емес

Bloomberg

Аргентинада тәулік ішінде 10 504 адамның ауру жұқтырғаны тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Егемен Қазақстан» басылымына сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің сайтында жариялан­ған ақпаратқа сүйенген REGNUM 428 239 адамның SARS-CoV-2 тыр­нағына ілінгенін жазады. Кешегі күні 259 пациент осы ауру сал­дары­нан көз жұмып, індет басталғалы 8919 арген­тиналықтың тынысы тоқтаған көрінеді.

Латын Америкасындағы көп­теген елдер вирустан көз аша алар емес. Әлем бойынша Брази­лия екінші орынға шығып, осы құр­лықты мекендеген мемлекеттер қат­­ары экономикалық қиындық­тарға тап болып жатыр.