Коронавирустан емделіп жатқан 1 927 адамның жағдайы ауыр

22.08.2021 17:43

523 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

22 тамыздағы мәлімет бойынша, 123 773 адам коронавирус инфекциясынан (–117 885 + және 5 888 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv

Олардың ішінде 29 856 пациент стационарда, 93 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 1 927 адамның жағдайы ауыр, 

• 523 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 249 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.