|
04.04.2020 | 11:55
5423

Алматыда коронавирустан тағы 6 науқас жазылып шықты

Алайда, бүгін тағы 16 адамнан қауіпті вирус табылды

Алматыда коронавирустан тағы 6 науқас жазылып шықты открытые источники

Бүгін таңғы уақытта Алматыда  коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны 109-ға жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінен кейінгі 93 науқастың қатарына тағы 16 адам қосылды, олардың бәрі вирус жұқтырған жандармен қарым-қатынаста болғандар.

16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр дәрежеде, қалғанданрының денсаулығы қанағаттанарлық.

Олардың бәрі де коронавирус жұқтырғандығы расталғанда станционарда изоляцияда болған.

«Төрт науқас Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген бір жолаушымен байланыста болған. Олардың біреуі науқастың анасы, 2009 және 2017 жылы туған екі баласы және бір байланыста болған адам», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жағымды жаңалық – бүгін COVID-19 індетінен тағы 6 науқас ауруханадан жазылып шықты. Оның 5-уі әйел, біреуі ер адам.

Екеуі – 16 наурызда Стамбулдан, екеуі – 10 наурызда Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген, тағы біреуі – 13 наурызда Берлин рейсімен жеткен, енді біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған.

Алматыда коронавирустан емделіп шыққандардың жалпы саны – 19.

Олардың бәрі қазіргі таңда 14 күндік үй карантинінде.

Бүгінгі күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясын жұқтырған деген диагнозбен 91 пациент жатыр. Олардың біреуі Алматы облысының тұрғыны, ол әйел адам.

77 науқастың жағдайы қанағаттанарлық.  Екі ересек адамның халі өте ауыр, 1 науқас ауыр жағдайда, 11 ересек науқас орта ауырлық дәрежеде. Олардың арасында облыстың бір тұрғыны бар.

Провизорлық орталықтарда бүгінде 655 адам бар, олардың 83-і бала, екі күндік карантинде 523 азамат, ал үй карантинінде 4411 адам жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир