Алматылықтарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырады: 1142 бизнес нысанның жұмысынан бұзушылықтар анықталған

Almaty.tv
Almaty.tv
COVID-19 таралуы бойынша Алматы «сары аймақта»
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен мегаполисте күшейтілген режимде 32 мониторингтік топ жұмыстарын жалғастыруда. Басты міндет — санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуын бақылау, деп хабарлайды Almaty.tv.

COVID-19 таралуы бойынша Алматы «сары аймақта». Коронавирусты жұқтырудың тіркелген жағдайларының саны — 18 639.

2020 жылдың 8 қазанынан 2021 жылдың 02 қаңтарына дейін 700 іс-шара өткізіліп, 5916 нысан қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 1142 (19,3%) нысаннан карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін жалпы 107 млн тг астам сомаға барлығы 997 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, соңғы аптада, 2020 жылдың 28 желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 2 қаңтарына дейін 44 тексеру іс-шаралары жүргізілді, 337 нысан қамтылды, 23 (7%) нысаннан бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтардың басым бөлігі Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарына тиесілі.

462-баптың 1-тармағы «тексеру жүргізуге кедергі келтіру» және 462-баптың 3-тармағы «бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды орындамау» бойынша барлығы 17 материал сотқа қарауға берілді.

• Медеу ауданы — 11 шұғыл ескертпе бойыеша 7 материал («Манана» — 2 мейрамханасы, «Отрар бар» (Танцы) — 4 ЖШС, «Централ» — 1 дәмханасы, «Hookan Dreems» — 1 лаундж бары, «Глобал Фудэнд» ЖШС «Небо» — 1 бары, «Оранжери Group» ЖШС рестобар — 1, «BM Trade Company» ЖШС «Артист» — 1 бары);

• Түрксіб ауданы —  4 материал  («Раяна» мейрамханасы Илахунов ЖК, «Атлантис» бильярд клубы Бижанов Р.М. ЖК, «Прованс» дәмханасы, «Шашлычный двор» дәмханасы);

• Алмалы ауданы — 3 материал («Арагоста» дәмханасы,  «Дегирмен»,  «Дореми» караокесі);

• Әуезов ауданы — 462-бап бойынша 3 шұғыл ескертпе бойынша 3 материал ( «Мята» — 1 лаунж бары, «Алмалы» — 2 караоке-бары, «Playstation Go» — 12 1 ойын клубы).

Бүгінгі таңда сот келесі нысандар бойынша 1 айға қызметін тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы шешім шығарды: «До ре ми» караокесі — Бисенева Л. ЖК; «Дегирмен» дәмханасы — «ASM group» ЖШС; «Atlantis» бильярд клубы — Бижанов Р. ЖК; «Раяна» дәмханасы — Илахунов ЖК; «Прованс» — ДиСи Гарибян ЖК; «Hookan Dreems» дәмханасы — «Suddenly» ЖШС, «Оранжери» рестобары — «Оранжери Group» ЖШС. «Арагоста» диско бары — «АсЖан» ЖК бойынша — қызметін 3 айға тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шығарылды.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын белгіленген санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын — бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе белгіленген жұмыс режимін бұзатын мекемелерге барудан бас тартуға шақырады. Санитарлық нормалар бұзылған жерлерде болу коронавирустық инфекцияның жаппай жұқтыру қаупін арттырады. Бизнес субъектілері келушілер мен персоналдың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін нысан аумағында эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі, термометрия жүргізуі, дезинфекторларды орнатуы, бетперде кию және оны ауыстыру қағидаларының сақталуын бақылауы қажет.

Новости партнеров