Коронавирустың ерте байқалатын белгісі анықталды

18.07.2020 16:59

Испаниялық ғалымдар коронавирустың жаңа симптомын тапты

mir24.tv / Дарья Журавлёва

Испаниялық ғалымдар коронавирустың жаңа симптомын тапты. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Мамандар 40-69 жас аралығындағы 21 науқастың жағдайын қадағалаған. Олардың 29 пайызының ауыз қуысында энантеманы - шырыш қабығында қатты бөртпені байқайды. Бұл симптом басқаларына қарағанда екі күн бұрын пайда болған.

Ғалымдар әзірше бұл белгінің ауырғандар арасында қаншалықты жиі тарағанын айта алмайды. Бұған науқастардың ауыз қуысын қараған кезде қауіпсіздік техникаларының талаптары қиындық туғызады.