|
22.03.2020 | 11:59
5499

Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталған азаматтың жағдайы нашар – ДСБ

Науқастың дене қызуы көтерілмегенімен, жағдайы нашарлап кеткені белгілі болды

Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталған азаматтың жағдайы нашар – ДСБ © Associated Press

Бүгін Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталған екі азаматтың бірінің жағдайы нашарлап кеткен. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«22 наурызда коронавирус жұқтырған 2 адам тіркелді. Біріншісі – 1970 жылы туған Қазақстан азаматы. Диагностика барысында оның бойында коронавирустық инфекцияның бар екені расталды. Ол науқастың дене қызуы көтерілмегенімен, жағдайы ауыр дәрежеде. Екі жақты пневмонияның болуы, бірінші дәрежедегі тыныс алу жеткіліксіздігі бар», - деді Сәуле Қисықова.

Ал екінші науқас – 1976 жылғы шетел азаматы, ол Қазақстанға Лондоннан ұшып келген екен.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда – 29 адам, Алматыда – 22, Қарағандыда – екі, Алматы облысында 1 бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бүгінде Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 56 адам.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир