Елімізде коронавирусты емдеудің жолы белгілі болды

19.03.2020 17:02

Емдеу шарасы қытайлық дәрігерлердің тәжірибесіне сүйеніп жасалған

24tv.ua

Елімізде коронавирусты емдеудің жолы белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Емдеу шарасы қытайлық дәрігерлердің тәжірибесіне сүйеніп жасалған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеген еді. Протокол симптоматикалық емдеуге негізделген. Яғни әрбір адамға оның ауру белгілеріне сәйкес жекелей шара қолданылады. 

Жалпы емдеудің айрықша ерекшелігі жоқ. Коронавирустың жеңіл түрінде көбірек сұйықтық ішу, дене қызуы мен бас ауруы кезінде  қызу түсіретін препараттар қабылдау керек. Ал пациент өзін жайсыз сезініп, денесі ауырсынатын болса жатып, тынығу ұсынылады. 

Дәрігерлердің сөзінше, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия сияқты елдерде "препараттарды көрсетілген дозада, жиілікте немесе басқа да шарттарда қолдану керек" деген нұсқаулыққа қарамай емдеп жазған.