Ғалымдар коронавирустың сегіз жыл бұрынғы белгілерін тапты

REUTERS / THOMAS PETER
REUTERS / THOMAS PETER
Дәрігердің жазбасына сәйкес, барлық кеншіге өкпені желдету қажеттілігі туындаған, бірақ олардың үшеуі қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алты қытайлықтың індетті жұқтыру фактісі шахтаны жарғанақтың нәжісінен тазарту жұмыстарымен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Вирусолог Джонатан Латам мен биолог Эллисон Уилсон коронавирустың жаңа түрі адамға 2012 жылы жарқанаттан жұққан болуы мүмкін екенін айғақтайтын деректерді тапты, деп хабарлады хабарлады The Sun газеті.

Ол кезде Юньнань провинциясындағы алты қытайлық кенші шахтаны шамамен екі апта бойы жарғанаттардың нәжісінен тазартып, содан кейін олардың ауырып қалғаны айтылды. Оларды емдеген дәрігер Сovid-19 коронавирусына тән белгілерді - пневмония, құрғақ жөтел, аяқтың ауыруы және жоғары қызба белгілерін тіркеген.

Дәрігердің жазбасына сәйкес, барлық кеншіге өкпені желдету қажеттілігі туындаған,  бірақ олардың үшеуі қайтыс болды. Ухань зертханасында алты пациенттің сынақ үлгілеріне зерттеу жүргізілгеннен кейін кеншілердің коронавируспен ауырғаны анықталды, делінген хабарламада.

Осы деректерге сүйене отырып, ғалымдар COVID-19 инфекциясының сол кезде-ақ адам ағзасына бейімделе бастағанын айтады.

Еске сала кетейік, қытай мамандары коронавирус инфекциясының пайда болуы және оның тарауы жарқанаттармен байланысты екенін ақпан айында мәлімдеген болатын.

Новости партнеров