Бетпердені жылдың қай мезгілінде тағып жүру адам денсаулығына пайдалы

16.02.2021 19:35

Зерттеу барысында әртүрлі бетперделерді тәжірибеден өткізіп қараған

Яндекс.Дзен

Америкалық ғалымдар бетперденің жылдың қай мезгілінде адам денсаулығына пайдалы екенін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «MIR 24»-ке сілтеме жасап. 

Ғалымдардың пікірінше, бетпердені ең суық кезде қолданған тиімді. 

Диабет, ас қорыту және бүйрек аурулары ұлттық институты (NIDDK) қызметкерлерінің жұмысы Biophysical Journal жариялаған мақалада көрсетілген.

Ғалымдардың пікірінше, иммундық жүйенің зиянкестерге қарсы тұра алуы масканың адам тыныс алу кезінде ауаны қосымша ылғалдандыруға мүмкіндік беруімен байланысты.

«Бетперде тыныс алу кезінде ауаның ылғалдылығын айтарлықтай арттырады. Осы тыныс алу жолдарының гидратациясы маска тағып жүретіндер арасында аурудың өршімеуіне септігін тигізеді деп ойлаймыз», – дейді мақала авторларының бірі Адриан Бакс.

Оның айтуынша, бұған дейін мамандар тұмаудың ауырлығына ылғалдылық деңгейінің жоғары әсер ететінін айтқан. Коронавирус жағдайында да осындай тетіктің болу ықтималдығы әбден мүмкін.

Зерттеу барысында әртүрлі бетперделерді тәжірибеден өткізіп қараған. Соның ішінде қалың мақта матадан тігілген қорғаныс құралының неғұрлым тиімді екені байқалған. Осы материалдан жасалған бетперденің арқасында ылғалдылық бірнеше есе өсті.