|
18.03.2021 | 12:11
3882

Танзания президенті Джон Магуфули қайтыс болды

Бұған дейін Танзанияның оппозициялық саясаткері Тунду Лиссу мемлекет басшысы COVID-19 жұқтырып, Үндістанға жеткізілгенін айтқан болатын

Танзания президенті Джон Магуфули қайтыс болды  elgezit.kg

Танзания президенті Джон Магуфули 62 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Танзанияның оппозициялық саясаткері Тунду Лиссу мемлекет басшысы COVID-19 жұқтырып, Үндістанға жеткізілгенін айтқан болатын. Лиссудың мәліметінше, бұған дейін президент Кенияда емделген.

БАҚ-та Магуфулидің қатты ауырып, жасанды тыныс алдыру аппаратында жатқаны хабарланған.

Алайда Танзания премьер-министрі, заң министрі және Намибиядағы елші президенттің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған.

Бұған дейін Магуфули Танзанияда SARS-CoV-2 жоқ деп мәлімдеген. Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 вакциналарын сатып алу жоспарда жоқ екенін де хабарлаған. Магуфули тұрғындарға аурулармен күресу үшін үш күн дұға оқуға шақырған болатын, коронавирус сөзін айтпауға кеңес берген және локдаун енгізбейтінін айтқан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, Танзания коронавирус бойынша деректерді 2020 жылдың мамырынан бастап хабарламаған. ДДҰ-да бар ақпарат бойынша, елде барлығы 509 COVID-19 жағдайы анықталып, 21 өлім тіркелген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир