Атырау қаласында модульді типтегі аурухана салынып жатыр

Фото: Денис Воронин
Фото: Денис Воронин
Жаңа аурухана жұмысына жергілікті медицина қызметкерлері қайта оқыту арқылы тартылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау қаласында модульді типте салынып жатқан жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы тамыз айында басталды. Оны қазан айында толықтай аяқтау көзделіп отыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхан Байдувалиевтің мәліметіне сүйенсек, медициналық блокта әкімшілік, зертхана, КТ мен рентген аппараттары, бронхоскопикалық құрал-жабдықтар, УЗИ, электрокардиографтар болады деп жоспарлануда. Жаңа аурухана жұмысына жергілікті медицина қызметкерлері қайта оқыту арқылы тартылады.

«Инфекциялық аурухана стандартымен бой көтеріп жатқан 200 орындық медициналық нысанды облыс әкімдігінің тапсырмасымен, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының тапсырысымен «BI Industrial» компаниясы салып жатыр. Аурухана ғимараты жылдам құрастырылатын құрылыс технологиясымен модульді блоктардан тұрғызылуда. Медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи диагностикалық және науқастарды емдеуге арналған құралдармен жабдықталады. Медициналық нысанда екі орындық 56 палата, үш орындық 16 палата, бір орындық 6 және екі орынды 7 бокстар аулаға шығатын арнайы есігімен салынуда. Сондай-ақ, қарқынды терапия бөлімінде 20 керует, ал қабылдау-диагностикалық бөлімінде бес бокс жасақталады», – дейді Асхан Байдувалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жылыой ауданында 75 орындық аурухана салынып жатқанын хабарлаған едік.

Новости партнеров