Коронавирус: ZOOM арқылы онлайн-дәріс өтіп жатқан оқытушы қайтыс болды
Livekuban.ru
Дем жетпей, тұншыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Аргентинада де ла Эмпрес университетінің оқытушысы ZOOM арқылы онлайн-дәріс өтіп жатқан кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ хабарына қарағанда, 46 жастағы Паола де Симоне студенттерге арналған онлайн-дәріс кезінде дем жетпей, тұншыға бастаған. Көп ұзамай ол есінен танып, қайтыс болған. Деміге бастағанда студенттер жедел жәрдем шақыру үшін де Симоненің мекенжайын білуге тырысыпты, бірақ әйел қайда тұратынын атай алмаған.
Тамыздың соңында де Симоне Twitter-дегі парақшасында бір айға жуық уақыт бойында коронавирус белгілері бар екенін жазған екен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31