Қазақстанға ұшып келген 342 жолаушыда ПТР-тесті анықтамасы болмаған

Ашық дереккөзден алынды
Ашық дереккөзден алынды
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

13 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Кипр, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған рейстерде 2 242 әуе жолаушы болды. Олардың ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 900 адам, анықтамасыз 342 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 792 жолаушы, анықтамамен - 1 533, анықтамасыз - 259; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 440 жолаушы, анықтамамен - 357; анықтамасыз - 83; Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 10 жолаушы анықтамамен келген. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 12 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша анықтамасыз келген барлық 306 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.


Новости партнеров