Nike АҚШ пен Еуропаның медицина қызметкерлеріне тегін аяқ киім таратпақ

05.05.2020 17:17

Компания ұсынып отырған аяқ киімдер ақ халаттыларға арнап тігілген

indonesianproperty.net

Nike компаниясы АҚШ пен Еуропада коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне 30 мыңнан астам аяқ киімін таратып бермек деп хабарлайды Kaz.nur.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Компания ұсынып отырған аяқ киімдер ақ халаттыларға арнап тігілген. Корпорация сайтында жарияланған баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, компания түрлі спортшылармен бірге барлық медицина қызметкерлеріне алғыс білдіруге шешім қабылдаған.

Көптеген спортшылар Nike компаниясына қосылып, Чикаго, Лос-Анджелес, Мемфис, Нью-Йорктағы денсаулық сақтау жүйесі мен ауруханалардың, сондай-ақ Ардагерлердің денсаулық мәселелері жөніндегі басқарма қызметкерлеріне 30 мың аяқ киім ұсыну туралы бастаманы қолдап отыр.

"Тағы 2,5 мың аяқ киім Еуропадағы ауруханаларға, соның ішінде Барселона, Берлин, Лондон, Милан, Париж және Белгияның медицицна қызметкерлеріне таратылады", – делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін Уэльс ұлттық құрамасы мен испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубының шабуылшысы Гарет Бэйл туған жеріндегі Кардифф ауруханасына коронавируспен күресу үшін 500 мың фунт стерлинг (571 мың еуро) бөлген еді.

Айта кетерлігі, 1989 жылғы 16 шілдеде футболшы дәл осы медициналық мекемеде өмірге келген.