Шетелден ұшып келген тағы 3 жолаушыдан COVID-19 анықталды

21.12.2020 17:17

Олардың ішінде 2 жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен, 1 жолаушы – Франкфуркт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген

Фото: ашық дереккөзден

20 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Италия, Мальдив, Мысыр, Түркия, БАӘ, Армения, Украина, Ресей, Беларусь және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, елімізге барлығы 2 824 жолаушы ұшып келген. Олардың арасында 2 461 адамда коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 363 жолаушы ұшып келген, барлығы – ҚР азаматтары. 

Оның ішінде:

 - Алматы қаласының әуежайына – барлығы 10 рейс, 1 633 жолаушы келді, анықтамамен – 1 490, анықтамасыз - 143; 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 142 жолаушы, анықтамамен - 922; анықтамасыз - 220; 

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келді; 

- Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 18 жолаушы анықтамамен келді. 

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2020 жылдың 19 желтоқсанында анықтамасыз келген Қазақстанның 237 азаматының ПТР-талдау нәтижесі дайын болды, 3 жолаушыда коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен, 1 жолаушы – Франкфуркт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген»,– делінген ақпаратта.