|
12.09.2020 | 12:19
1037

Түркістан облысындағы ауруханалар жедел жәрдем көлігімен және жабдықтармен толықты

Өңірге 5 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр мен 8 жаңа жедел жәрдем көлігі берілді

Түркістан облысындағы ауруханалар жедел жәрдем көлігімен және жабдықтармен толықты inform.kz

Түркістан облысындағы медициналық мекемелер қажетті жабдықтармен және жедел жәрдем көлігімен толықты. Бұл шаралардың барлығы өңірдегі жұқпалы аурулармен, соның ішінде COVID-19 коронавирус инфекциясымен күреске пайдаланылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өңірге 5 оттегі концентраторы, 50 пульсоксиметр жеткізілді. Сондай-ақ, Shevrolet Damas маркалы 8 жедел жәрдем көлігі келді.

Бұған дейін де аймақтағы ауруханаларға пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын. Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында көрсетіліп отыр.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылығының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды өңірлерге жіберген еді.

«Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына «Самұрық-Қазына» АҚ-мен жедел жәрдем көлігі мен медициналық құрал-жабдықтар берілді. Біздің еліміздегі пандемияға байланысты қиын кезеңдерде көрсетілген қолдау үшін алғыс айтқым келеді. Осындай қолдау арқылы біз вируспен күресті одан әрі жалғастырамыз»,– деді Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Елдос Сұлтанов.

Айта кетейік, мұндай жиынтықтарды әр облыс, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар алып отыр.

«Бұл шаралардың барлығы біздің медицинамыздың жұқпалы аурулармен, соның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциямен күресуге дайындық деңгейін арттыруға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған»,– дейді «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Еске сала кетейік, аталған меморандум аясында еліміздің денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруға 100 жедел жәрдем көлігі мен 1 000 оттегі концентраторы, 50 ӨЖЖ аппараты мен 1 000 пульсоксиметр жеткізілмек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир