Шетелден ұшып келген 34 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ

03.04.2021 в 17:20

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр

2 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2021 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, ҚХР, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді. 

3 497 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 463 адам, анықтамасыз 34 ҚР азаматы келді. 

Оның ішінде:

 - Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 2 109 жолаушы, анықтамамен - 2 103, анықтамасыз - 6; - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 043 жолаушы, анықтамамен - 1 015, анықтамасыз - 28; 

- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 295 жолаушы анықтамамен келген; 

- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 147 жолаушы анықтамамен келген. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр. 

1 сәуірде анықтамасыз келген 10 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.