Алматыда бір күнде 7 мыңнан астам адамға вакцина салынды

03.04.2021 17:40

Алматы әкімі қалаға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінетінін айтқан болатын

Фото: yemen-press.net

2 сәуірдегі жағдай бойынша 7 060 адамға вакцина салынды. Бүгін Алматы қаласының тұрғындарын иммундау процесі жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қазір қалада 56 вакцина егу пункті жұмыс істейді. Айта кетейік, вакцинаның бірінші компоненті 100% игерілді, барлығы 15 750 доза пайдаланылды. «Спутник-V» екінші компонентімен вакцинация (ревакцинация) 15 сәуірге дейін жалғасады. 

Айта кетейік, Алматы әкімі қалаға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінетінін айтқан болатын. 

Сонымен қатар, сәуір айында мегаполисте 250 вакцина пункті ашылады.