Ол Душанбедегі №5 клиникалық ауруханада емделген
20 шілдеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қарындасы, 64 жастағы Курбонби Рахмонова қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөздің мәлімет бойынша, Рахмонова коронавирус инфекциясын жұқтырып, Душанбедегі №5 клиникалық ауруханада емделген.
Рахмонова 21 шілдеде елдің оңтүстігіндегі Дангара аймағында жерленеді.
Қазаға байланысты Тәжікстан үкіметі ел президентіне, оның отбасы мен туыстарына көңіл айтты.
Айта кетейік, 5 шілдеде Тәжікстан президенті жұбайының анасы, 88 жастағы Өзбекби Асадуллоева коронавирус белгілері бар аурудан қайтыс болған еді.