Қазақстанда 9 адам коронавирус жұқтырды
Фото: ашық дереккөзден
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 769 жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 9 адамнан анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Инфекция жұқтырғандар үш өңірде тіркелген. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда – 3, Алматыда - 3, Қарағанды облысында – 3.
Сонымен, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 769 жетті. Сондай-ақ 141 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 45 пациент стационарда, 96 науқас амбулаториялық деңгейде, ал 8 адамның жағдайы ауыр. Өткен тәулікте 1 науқас – Қарағанды облысының тұрғыны жазылып шықты.
Айта кетсек, елімізде барлығы 1 292 020 адам COVID-19-дан емделді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52