Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады

12.03.2020 17:23

Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз», - деді Президент

Акорда

Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз», - делінген хабарламада.