Шымкентте коронавирустан 1 адам өлімі тіркелді

coronavirus2020.kz
coronavirus2020.kz
Қайтыс болған 1964 жылы туған азамат
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте коронавирустан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, қайтыс болған 1964 жылы туған азамат.

Осымен елімізде қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны 6 адамға жетті.

«Осы уақытта Қазақстан бойынша вирус жұқырғандар саны 551 адамды құрап отыр. Нұр-Сұлтан қаласы – 219, Алматы қаласы – 110, Шымкент қаласы – 13, Ақмола облысы – 20, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 10, Атырау облысы – 22, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Жамбыл облысы – 28, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 27, Қостанай облысы – 1, Қызылорда облысы – 30, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 25», - делінген хабарламада.

Новости партнеров