Шымкентте коронавирус жұқтырған 30 медицина қызметкеріне өтемақы төленді

el.kz
el.kz
Жалпы қала бойынша 185 медицина қызметкері короновирус инфекциясын жұқтырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент қаласында қызмет бабында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 30 дәрігерге екі миллион теңгеден өтемеақы берілді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жалпы қала бойынша 185 медицина қызметкері короновирус инфекциясын жұқтырған. Олардың қатарында жедел жәрдем медициналық көмек көрсету қызметінің, провизорлық орталықтардың және емханадағы фильтр кабинетінің қызметкерлері бар. Қазіргі таңда 30 қызметкерге МӘМС арқылы 2 миллион теңгеден өтемеақы берілді. Қалған мамандардың құжатын арнайы комиссия тексеру үстінде»,– деді Т. Варзилов. 

Айта кетейік, медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем беріледі. Ал, маман коронавирустан көз жұмған жағдайда отбасына 10 миллион теңге.

Новости партнеров