Шымкент қаласында коронавирустан қайтыс болған науқас туралы деректер шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
1968 жылғы науқас Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 20 сәуірде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылды.
Ауруханаға түскен кезде, науқастың ауыр жағдайына байланысты, ӨЖЖ аппаратына қосылды. Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты ілеспе аурулары болды.
Емдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілді. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 23 сәуірде сағат 20:30-да науқас қайтыс болды. Науқаспен байланыста болған барлық азаматтар оқшауланып, карантинге алынды.