|
23.03.2020 | 12:28
7893

Ақтөбедегі коронавиус жұқтырған адам Мәскеуден келген

Онымен бір рейспен ұшып келген жолаушылардың бәрі оқшауланды

Ақтөбедегі коронавиус жұқтырған адам Мәскеуден келген Иллюстративное фото: pixabay.com

Ақтөбеде науқаспен байланыста болған және Ресейден бір рейспен ұшып келген жолаушылардың бәрі оқшауланды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Кеше облысымызда бір науқаста коронавирустық инфекция анықталды. Ол науқас 22 наурыз күні шетелден келген. Оны бірден инфекциялық ауруханаға оқшаулаған едік. Зертханалық тексеру барысында тұрғынымыздан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты. Қажетті емдік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Осы науқаспен байланыста болған барлық тұрғынды оқшаулау жұмысын аяқтадық», - деді Әсет Қалиев.

Әсет Қалиев қаланы карантин мәселесі әлі көтерілмегенін айтты.  

«Ақтөбе облысында стационарлық карантинде 68, үй карантинінде 38 тұрғын жатыр. Олардың барлығының жағдайын дәрігерлер күнделікті бақылауда ұстап отыр. Біз көшеге шығуды, қоғамдық орындарға баруды барынша шектеу арқылы ғана денсаулығымызды қорғай аламыз. Коронавирус инфекциясымен күрестің ең тиімді әдісі - адамдар арасындағы байланысты мейлінше азайту. Ұйымдардың, мекемелердің, үлкен сауда орындарының, емдеу мекемелерінің басшылары санитариялық нормаларды қатаң сақтауымыз тиіс», - деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, кеше Ақтөбе облысында бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді. Белгілісі, ол 22 наурыз күні сағат 7:00-де Мәскеуден келген рейстен түскен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир