Нұр-Сұлтанға мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

11.12.2020 17:30

10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, Египет, БАӘ, Түркия, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Өзбекстан азаматы депортацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, Египет, БАӘ, Түркия, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді. 1 668 әуе жолаушыларының ішінде 1 530-інің ПТР-тесті бар, анықтамасыз 138 адам келді. Олардың бәрі - ҚР азаматтары. 

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 10 рейс, 886 жолаушы, анықтамамен - 808, анықтамасыз - 78; Алматы қаласының әуежайына - 6 рейс, 600 жолаушы, анықтамамен - 554, анықтамасыз - 46; Қарағанды қаласының әуежайына - 2 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келді; Шымкент қаласының әуежайына - 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 123, анықтамасыз - 12; Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 38 жолаушы, анықтамамен - 36, анықтамасыз - 2; Петропавл қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 4 жолаушы анықтамамен келді. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 

Барлық 139 азаматтың тест сынамалары олардың дені сау екенін көрсетті. Бір күн бұрын, 2020 жылдың 9 желтоқсанында анықтамасыз келген 115 адамның ПТР сынамалары да теріс нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, Ташкент қаласынан ұшып келген Өзбекстан азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.