|
22.05.2020 | 12:32
3358

Шомылу маусымы, еңбек заңнамасындағы өзгерістер, кәсіпкерлік субъектілер жұмысы: мамандар жауап береді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар онлайн брифинг өтеді

Шомылу маусымы, еңбек заңнамасындағы өзгерістер, кәсіпкерлік субъектілер жұмысы: мамандар жауап береді Фото: Правда

2020 жылдың 22 мамырында Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бірқатар онлайн брифингтер өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

13:00  – Шомылу маусымында қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы онлайн брифинг өтеді.

Спикерлер:

1. Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, полковник Тұрысбек Сартаев;

2. Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, майор Бекболат Бұғабаев.

14:00 – Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қ.Д.Таймерденовтың келесі бағыттар бойынша брифингі өтеді:

 - криминогендік жағдай
 - жол жағдайлары
 - қоғамдық тәртіпті күзету және қылмыстың алдын алу
 - қаладағы бейнебақылау жүйелері
 - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық
 - көші-қонды бақылау

15:30 – Карантин жағдайындағы еңбек заңнамасындағы өзгерістер және еңбек қатынастарын реттеу аспектілері туралы брифинг өтеді.

Спикерлер:

1. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысы Рахат Шимашева;

2. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары, еңбек бойынша бас инспектор Айнұр Мұқажанова;

3. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов;

4. «Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы» аймақтық кәсіподақ бірлестігі төрайымы Зәуреш Өмірбаева.

16:30 – 25 мамырдан бастап бірқатар кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын жаңарту туралы брифинг өтеді.

Cпикерлер:

1. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин;

2. Алматы қаласының Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин;

3. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Сұрақтар info@rsk.almaty.kz электрондық поштасы немесе +7 707 934 39 84 (WhatsApp) нөмірі арқылы қабылданады.

Баспасөз конференциясының көрсетілімін «Алматы» телеарнасынан, сондай-ақ, Алматы әкімдігі мен өңірлік коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парақшаларынан көруге болады.

facebook.com/almaty.gov.kz

facebook.com/rsk.almaty02

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир